#qyzylordatv

Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылында Кеңес Одағының батыры Жаппасбай Нұрсейітовті еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Тоспадоп бәсекесіне ауданға қарасты барлық елді мекеннен командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

 Кеңес Одағының батыры Жаппасбай Нұрсейітовті еске алуға арналған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мақсат - батыр есімін ұлықтап, ерлік істерін өскелең ұрпаққа дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыстың ашылу рәсімінде сөз алғандар сырдариялық сарбаздың өмір жолына тоқталды. Он сегіз жасында соғысқа аттанған Жаппасбай Нұрсейітов Воронеж майданында 155-ші атқыштар дивизиясының құрамында болып, талай мәрте ерлік істерімен көзге түсті. Жауынгер Днепрден өту кезінде жау әскерімен үш күн бойы шайқасып, майдандастарымен бірге 150-ге жуық неміс сарбазы мен офицерінің көзін жойған. Осындай ерлігінің арқасында Жаппасбай Нұрсейітов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

 АЙДАРБЕК БАЙСЕЙІТОВ, Ж. НҰРСЕЙІТОВТІҢ ҰРПАҒЫ ТІЛШІ: Міне, Шіркейлі ауылында батыр есімін ұлықтау мақсатында жыл сайын түрлі спорттық шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі – аудандық волейбол турнирі. Жарысқа 11 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Нағи Ілиясов ауылының командасы жеңімпаз атанса, алаң иелері екінші орынға ие болды. Ал, шағандық спортшылар үшінші орын алды.