#qyzylordatv

Биыл қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жазушы Олжас Сүлейменовтің туғанына – 90 жыл. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Әлемдік тұлға» атты дөңгелек үстел өтті.

Олжас Омарұлы – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемінің рухани өмірінде ерекше орын алатын тұлға. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің дамуына Олжас Сүлейменовтың қосқан үлесі зор. Жиында Олжас Омарұлының шығармашылығы, өзіндік болмысы, ел дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды. Шығармаларынан үзінді оқылды. Сондай-ақ, «Ұлт мақтанышы» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА – АҚЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

 Бұл кісінің шығармалары елге, халыққа, әсіресе өскелең ұрпаққа берген өнегесі зор деп айта аламыз. Ол кісі тек ақын ретіндле шығармаларымен ғана емес, қоғамда болып жатқан үлкен оқиғаларға атсалысқан. Әсіресе мынау Семей палигонына байланысты шығармалары жазылған және соған байланысты өзі қор құрып, қозғалыс жасап, Семейдің жабылуына себеп болған бірден бір қоғам қайраткері десек болады.

 ТАСТАНБЕК СӘТБАЙ – ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Олжас Омарұлы 90-ға келіп отыр. Бұл күллі қазақтың ұлттық мейрамы деп айтуға болады. Қазіргі таңда 3 бірдей кітапты жазып отыр. «Славян в доистории», сосын «Мың бір сөз», сосын «Естеліктерін» жазып отыр. Сондықтан ол кісіге шығармашылық табыс тілейміз. Ғұмыры ұзақ болсын! Қазақ тарихы жазылмай тұрған уақытта сол кісі соны қолға қолға алды. Қазақ ғылым академиясының Тарих институтынан, Археологиядан да үміт жоқ. Бұғанмен өзім кіріспесем болмайды екен деген. Сондықтан оны жүзеге асырып шықты.