#qyzylordatv

Аймақта жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. «Болашақ» университетінде өткен жиынға прокуратура, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, медициналық колледж студенттері қатысты.

 Жиынның негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту шаралары болды. Жиында мамандар жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жағдайдың өзекті күйінде екенін жасырмады.

 Биыл төрт айда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар азайған. Өткен жылдың осы кезеңінде 19 оқиға тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 13 деректі көрсеткен. Алайда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың артуы мамандарды алаңдатып отыр.

Жиын барысында қатысушылар жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құзырлы мекемелер арасындағы ынтымақтастық, білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелерін талқылады.