#qyzylordatv
Облыс орталығында шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаз Әлім Тобылбаевты еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.
Әлім Әсімұлы – ұзақ жылдар бойы жас шахматшыларды тәрбиелеп, өңірдегі шахмат үйірмелерінің дамуына ықпал еткен азамат. Осы еңбегі талай шәкірттің спорттық мансабына негіз болды.
АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Азаматтың жақсы қасиеттерін бұл күнде сағынып еске алмайтын іздемейтін адам кемде-кем. Бұл нағыз ерлерге лайық құрметтің үлкені өмірдің өзі күшті болғанмен өтетіні өкінішті тумақ бар жерде өлмекте бар дейді, артында қалған ағайын-туыспен дос жаранның ендігі мақсаты- аптал азаматтың атын асыл болмыс затын ұмытпай түрлі деңгейдегі еске алу шараларын ұйымдастырып нұрлы бейнесін мәңгілікке ел есінде қалдыру екені белгілі. Әлім Әсімұлы бұқаралық спорттың дамуына жастарға патриоттық тәрбие беруге үлес қоссақ деген марқұмның отбасына,бауырларына, достарына алғыс білдіремін.
Сыр өңірінде өткен ауқымды додаға Қызылорда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қырғызстан,Тәжікстан және Ресей елдерінен 220-ға жуық жас шахматшы қатысты. Қатысушылар бірнеше жас санаты бойынша сынға түсіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
МАРАТ ЕСЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Әлім Әсімұлы туралы айтатын болсақ ол кісі Қазақстанда шахмат дамуына үлкен үлес қосқан, жаттықтырушы болды, мектепте сабақ берді және де біз осы он шақты жыл бұрын Қорқыт ата университеті жанынан дене шынықтыру кафедрасы жанында шахмат бөлімшесін ашқан болатынбыз. Сонда да ол кісі біраз шақ теріп, біраз түлек ұшырған болатын сондықтан біз Қазақстанда шахмат қарқынды дамып келе жатыр. Біздің өзіміздің Сыр елін алатын болсақ Серікбай Серік, Назерке деген әлем чемпиондарымыз тәрбиеленді. Менің ойымша нақты осындай қолдаулар болып жатса, шаралар болып жатса жалпы шахмат жақсы дамиды.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты партиялар өткізді.
БЕКАЙЫМ РАХМАНБЕРДИЕВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /ҚЫРҒЫЗСТАН
Мен 13 жастамын. 5 жасымнан бастап осы шахматпен айналысып жатырмын.Мен Қырғызстан елінен келдім осы шахмат ойынына. Қарсыластарыма сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Ернұр Ержанұлы иеленсе, Михаил Прокопцов - 2 , Нұрдос Айдарбек 3 орынға тұрақтады.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.