#qyzylordatv

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Майдан даласындағы жауынгерлермен қатар, тылда еңбек еткен жандардың да жеңіске қосқан үлесі зор. «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

 Соғыс жылдары балалық шағы ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген Байсерке Райымқұлов ерте жастан еңбекке араласты. Кейін медицина саласын таңдап, ауылдық жерде фельдшер болған.

Ал ардагер-журналист Қайырбек Мырзахметұлы баспасөз саласында елу жылдай еңбек еткен. «Ағалар салған жол», «Менің бабаларым», «Перзент», «Аманат», «Сырда туып, Сырда өстім», «Көзкөргендер» атты кітаптардың авторы «Ленин жолы» газетінде ұзақ жылдар жұмыс істеді. Ғұмырын ел дамуына арнаған қос ардагерге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай арнайы барып, құрмет көрсетті.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ

Партиямыздың «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жыл бойына түрлі шаралармен ұйымдастырылып жатады. Жас ұрпақ үшін осындай өнегелі іс-шараларымызды ұйымдастыру, бабаларымыздың, аталарымыздың даңқты ерліктерін насихаттау өте маңызды. Тарихын білген, тарихын ұлықтаған, тарихын құрметтеген ұлт қана алға қарай талпына алады, алға қарай дами алады.

БАЙСЕРКЕ РАЙЫМҚҰЛОВ - ТЫЛ АРДАГЕРІ

Облыста 90 ға келген ардагерлер санаулы жоқ деуге болады. 105 ке келген Тасыров деген Сырдарияда ғана бар мен енді 90-ға келдік қой. Енді Аманат партиясы осындай тілектестік білдіріп, азын аулақ сый-сияпат алып келіп құрмет көрсетті айрықша ризашылық білдіріп рақмет айтқым келеді. Бейбіт еңбектің көркін қыдыра берейік, бейбітшілік, тыныштық біздің үлкен байлығымыз.