#qyzylordatv
Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылықты патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін тоқтату кезінде анықтаған.
Тексеру барысында жүргізуші жауапкершіліктен жалтару мақсатында жолаушы орындығына ауысып, көлікті өзі басқармағанын айтқан. Алайда полицейлер оның жеке басын анықтау кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін байқапты. Жүргізушіге жүргізілген наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталып отыр. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.