#qyzylordatv 

«Жастар театрының» жаңа қойылымы. Шығармашылық ұжым «Жалғыз куәгер» атты комедиялық-драманы көрермен назарына ұсынды. 


Драматург әрі сценарист Қазыбек Аманжолдың «117» пәтер шығармасының негізінде құрылған бұл туынды бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеріп қана қоймай, көрерменге ой салып, қоғамға сын көзбен қарауға үндейді. Қойылымда қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, отбасылық, адами қатынастардың түрлі қырлары шебер суреттеледі. Жалдамалы пәтердегі отбасылардың өмір сүру дағдысы, әр жанұяның ішкі драмасы, тіршілікке деген көзқарасы бәрі сахнада шынайы әрі әсерлі бейнеленеді. Сондай-ақ, шығармада драма мен юмор, қайғы мен үміт, күйбең тіршілік пен адамгершілік сынды сезімдер тоғысып, көрермен жүрегіне жол тапты. Осылайша «Жастар» театрының қоржыны тағы бір өнер туындысымен толықты.