#qyzylordatv

Қалалық ардагерлер кеңесі Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі сатирик, журналист Орынбасар Әлжіктің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

 Орынбасар Әлжік Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1992 жылдан бастап Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының комментаторы, облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Ал, 1996–2005 жылдар аралығында облыстық телерадиокомпанияның директоры болып, аймақтың медиа саласының дамуына елеулі үлес қосты. Орынбасар Әлжіктің есімі журналистика саласымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында қатталған. Қарымды қаламгердің «Әйдә күлә», «Өйдөйт», «Есік көрген еркек» атты сатиралық кітаптары жарыққа шықты. Сатира жанрында қалам тербеген жазушы әдебиет саласы бойынша бе¬рі¬летін Шолохов атындағы медальдің иегері. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов сатирик жазушы, журналистика саласының ардагері Орынбасар Әлжікті мерекемен құттықтап, шапан жапты.