#qyzylordatv
Қызылордада үстел теннисінен 2013 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Ел біріншілігінде 300-ге жуық жас спортшы бақ сынауда.
Дүбірлі дода Қызылорданың сол жағалауындағы халықаралық стандартқа сай Теннис орталығында өтіп жатыр. Биылғы ел біріншілігінде 18 өңірдің құрамасы жиналып, 300-ге жуық жас спортшы командалық және жекелей сындарда бақ сынауда.
ҚАЙРАТ ЕСЕНГЕЛДИЕВ, ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Президентіміздің қолдауымен 2024 жылы қазан айында Қызылорда облысы сол жағалауында теннис орталығы салып берген болатын. Теннис орталығымыз халықаралық стандартқа сай, міне соның куәсі 2013 жылғы жасөспірім спортшы ұл-қыздарымыздан, 2013 жылғылардан төмен қарай спортшыларымыздың Қазақстан Чемпионаты өткізілуде. Өте жақсы деңгейде өткізіліп жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде-ақ тартысты кездесулер өтіп, командалар келесі кезең жолдамасы үшін өзара мықтыны анықтауда.
НҰРДӘУЛЕТ НУГАЙ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ //АЛМАТЫ// //Осы Қызылордағы біз екінші рет келіп жатырмыз. Бүгін жарыстың бірінші күні, бәрі өте керемет. Бірінші ойын Қызылорда командасымен ойнадық оны 3-0 есебімен ұтып, 2 ойын Шымкент қаласымен ойнадық, оларды да ұтып группадан бірінші болып шықтық. Финалда жетістік, сәттілік тілейміз.
Қатысушылар қатарында болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар аз емес. Олар үшін бұл дода – тәжірибе жинап, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік.
АЙЗЕРЕ АМАНДЫҚ, ҚАТЫСУШЫ
Тенниске қатысқаныма 2,5 жыл болды. Теннис жарысы жаңа деңгейде өтіп жатыр. Бұл үстел теннисіндегі ең бірінші чемпионат. Қарсыластарым мықты ойнап жатыр.
Ел чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.