#qyzylordatv 

Бүгін «Әділет» партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиында филиал басшысы, саяси кеңес мүшелері және бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды. 


Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі – Ел Президентінің «Жаңа Конституция – жаңа дәуір» атты үндеуіне қолдау білдіру. 


 Сондай-ақ, қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық құрамын жасақтау мәселесін қарады. Ашық дауыс беру арқылы облыстық филиалдың басшысы болып Жандос Базартай сайланды. Айта кету керек, Базартай қоғамдық-саяси қызметте көпжылдық тәжірибеге ие. Және партия жұмысы оған таңсық емес. Енді ол жаңа партияның төрағасы ретінде саяси ұйымның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға жетекшілік етпек. 

Ал, саяси кеңес құрамына бизнес, білім, ғылым, үкіметтік емес сектор, БАҚ сынды салалардың өкілдері енді. Бақылау-тексеру комиссиясы құрамы қаржы, құқық бойынша тәжірибесі бар мамандармен толықты. Ендігі кезекте филиал аймақ тұрғындарымен ынтымақтаса отырып, партиялық бастамаларды бірлесе іске асыруға бет бұрмақ.