#qyzylordatv #заңментәртіп 

Жаңа Конституцияда «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқығы мен бостандығы» екені нақты көрсетілген. Бұл норма құжаттың басты бағыт-бағдарын айқындайды. Яғни, азаматтардың қауіпсіздігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғау, сондай-ақ «Миранда ережесі» бекітілген. Біздің спикерлер осы мән-жайларға басымдық бере отырып пікір білдірді. Сондай-ақ, еліміздің басты құжаты сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелерін де қамтитынын алға тартты.