#qyzylordatv
Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында облыс орталығында ұйымдастырылған «Жазғы оқу сайысы» байқауы өз мәресіне жетті.
Маусым айында бастау алған «Жазғы оқу сайысына» қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалары арқылы 120 оқушы қатысқан болатын. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 22 оқушы финалда бақ сынады. Қатысушылар ұсынылған әдеби шығармаларды талдап, ой-өрісі, сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті бойынша бағаланды.
ҒАЛЫМЖАН КҮЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаз мезгілінде өздеріміздің балаларымыздың жалпы жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуын, білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып жатқан байқаулардың бірі. Мемлекет басшымызда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында жаппай кітап оқитын ұлт деп әркез күн тәртібінің түсуімен айтып келеді.
Байқау үш жас санаты бойынша өткізіліп, жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба мектеп оқушыларының жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізген.
САПАР КӨЗЕЙБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 7047
Негізгі мақсат – мектеп оқушыларының кітапқа деген сүйіспеншілігін, кітапқа деген жақсы ұлт мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралар. Бұл шара әр уақытта жалғасын тауып отырады.
ӘЙГЕРІМ БОРАНБАЙ, ОҚУШЫ
Менің бұл жарысым кітап оқу бойынша ең алғашқы жарысым болып табылады қарасөзбен жазылған. Мен осыған дейін тек қана кітап оқып, сабақпен ғана айналыса бермей жан-жақты спорт түрінен де, өнер түрінен де көптеген жетістікке жету арқылы өзімнің болашақ мамандығымды ақиық анықтаған болатынмын. Болашақтағы мамандығым баян аспабында мұғалім болу.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.