Негізгі Жаңалықтар Абай әлемі – өнер өзегі

Абай әлемі – өнер өзегі

#qyzylordatv 

Өңірде хәкім Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған шаралар легі әлі де жалғасуда. Бұл жолы облыстық филармония ұжымы «Aray city mall» ойын-сауық орталығында қызылордалықтарға тамаша кеш сыйлады. 


 Кеш шымылдығын «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі ашып берді. Ұжымдық өнер иелері хәкімнің «Торыжорға», «Майдақоңыр» секілді күй шығармаларын орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Мұнан соң дәстүрлі өнер өкілдері ортаға шығып, ұлы ақынға арнау жырлары мен Сыр сүлейлерінің өнегеге толы жыр-термелерін орындады. Ал, классикалық музыка шеберлері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» секілді таңдамалы туындыларын ансамблдің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқады. Айта кетейік, облыстық филармонияда 250-ден астам өнерпаз еңбек етеді. Солардың көбі осы кеште өнер көрсетіп, қала тұрғындарына рухани әсер сыйлады. 


МҰХАМЕДЖАН ЖЕКСЕМБИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МЕНЕДЖЕРІ  

 Қазіргі заманауи уақыттағы мәдени ошақтардағы концерттерден бөлек, халық көп шоғырланған жерде Абай бізбен бірге, бізбен бірге жасай береді, деген ұғымда, оның туындыларын халыққа насихаттап жатқан жайымыз бар.


Бөлісу