Жаңа жылу электр орталығы сағатына 500 млн кВт электр энергиясын өндірді
#qyzylordatv
Облыс орталығындағы жаңа газ жылу электр станциясы іске қосылғаннан бері сағатына шамамен 500 млн киловатт электр энергиясын өндірді, – деп хабарлады Энергетика министрлігі. Электр энергиясының бұл көлемі 130 мың пәтерді бір жыл бойы қамтамасыз етуге немесе 400 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың бір жылдық қажеттілігін өтеуге жеткілікті.
Биыл іске қосылған қуаттылығы 240 мегаватт болатын бу-газ электр станциясы елдегі біртұтас электр энергетикалық жүйе бойынша жұмыс істеп жатыр. Орталық 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жобаны түркиялық «Aksa Energy» компаниясы тікелей жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырды.
Айта кету керек, жаңа жылу электр станциясы биыл сәуір айынан бастап электр энергиясын тәулік бойы өндіре бастады. Екі газ турбиналық қондырғы іске қосылғаннан кейін елдің біртұтас энергетикалық жүйесіне 170 мегаватт қуат берді. Бу турбинасы іске қосылғаннан кейін станцияның жобалық қуаты 240 мегаваттқа жетті.