21 жоба іске қосылады
#qyzylordatv
Аймақта алдағы төрт жылда экономиканы әртараптандыру мақсатында құны 1 трлн 900 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, биылға 21 жоба жоспарланған.
Соның бірі – Жаңақорған ауданындағы құс фабрикасы. Кәсіпорын жыл сайын 4 мың тоннадан астам құс етін өндіреді. Аумағы мың гектарға жуықтайтын фабрика германиялық технологиямен жабдықталған. Мұнан бөлек, тауарлы сүт фермасы, «Пана» қонақ үйі, гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру зауыты, қуаттылығы 50 МВт болатын 2 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар, «Табиғи тас Қызылорда» серіктестігінің жылына 1 млн 100 мың тонна әк өндіретін зауыты іске қосылады. «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, «Севен Риверс» компаниясының шыны бөтелке, «Рока компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүруде.
СӘКЕН МЫРЗАБЕК – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру, салықтық түсімдерді қамтамасыз ету бағытында аймағымызда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 2026 жылы 21 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 6 айына арналған жоспардың орындалуы 119,9%-ды құрап, 7,9 млрд.теңгеге артық түсім қалыптасқан. Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісінде жоспардың орындалуы бойынша Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша алты айдың жоспарының түсімдері өз деңгейінде орындалуда. Облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз