Қоғамдық қауіпсіздік қатаң бақылауда
#qyzylordatv
Полиция қызметкерлері демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Нәтижесінде екі күннің ішінде 464 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үйден тыс жерде жүру дерегі көп. Сонымен қатар, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған және ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген тұлғаларға қатысты тиісті шара көрілді.