Негізгі Жаңалықтар «Ауыл аманаты»: Алдағы үш жылға 21 млрд теңге қаржы бөлінеді

«Ауыл аманаты»: Алдағы үш жылға 21 млрд теңге қаржы бөлінеді

#qyzylordatv 

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Соңғы үш жылда бағдарлама аясында облысқа 11 млрд теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 1332 жоба қаржыландырылып, 1713 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баспасөз брифингінде баяндады. 



 Қызылорда облысының әрбір екінші тұрғыны ауылда тұрады. Осы себепті «Ауыл аманаты» бағдарламасы өңір үшін ерекше маңызға ие. Былтыр аталған жоба аясында тағы 5,5 млрд теңге қаржы қаралып, 815 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні соның 550-ін іске қосуға қажетті қаражаттар бағытталып жатыр. Алғашында жоба агросекторға бағытталса, енді өндіріс пен қызмет көрсету салаларында қамтып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, мұндай өндірістік алаңдар ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және кооперативтер құруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, алдағы үш жылда «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға өңірге 21 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл қаражат ауылдық жерлерде мыңнан астам жаңа жобаны жүзеге асыруға бағытталады. 


 ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

2025 жылы бағдарлама аясында 5 млрд 500 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге соның 4 млрд 600 млн теңгесі 550 жобаны қаржыландыруға бағытталды. Айта кету керек, оның ішінде 13 пайызы өңдеу саласына, 5 пайызы егіншілік саласына, 38 пайызы мал шаруашылығына, 3 пайызы техникаға бөлінсе, 22 пайызы ауыл шаруашылығына байланысты емес түрлі салаларға бағытталған.


Бөлісу