Жолаушылар пойызына тексеріс күшейді
#qyzylordatv
Өңірде жолаушылар пойызын бақылауға арналған профилактикалық тексеріс басталды. Аталмыш науқан барысында жолаушылардың жүру билеттерінен бастап, жылжымалы құрамның техникалық қауіпсіздік тетіктеріне дейін тексерілмек.
Облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы мұрындық болған акцияға Қызылорда станциясының полиция бөлімі мен көлік прокуратурасының мамандары да үлес қосуда. Науқан барысында бүгінге дейін 6 жолаушы пойызына тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамаған және сервистік талапқа сай келмейтін бірнеше тасымалдаушы мекемеге айыппұл салынды. Айта кетейік, рейдтік шара 30 тамызға дейін жалғасады.
ЕРБОЛ ТӘЛЕКЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Көбінесе жылжымалы құрамдарда локомотивтердің ахаулары пайда болады. Оның ішінде өрт қауіпсіздігі бақыланбайды. Сосын, сервистік жағынан көптеген кемшіліктер бар. Осылаға нақты нұсқаулық беріп, кемшіліктерді жойып жатырмыз. Рейд барысында 1 құжатсыз мінген жолаушы анықталды және де өрт қауіпсіздігі бойынша бірнеше кемшіліктер болды...