Негізгі Жаңалықтар Абай мұрасы насихатталды

Абай мұрасы насихатталды

#qyzylordatv 

Бүгін қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күні. Ақынның мерейтойына орай Абай аллеясында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған тағлымды шарада көпшілік Абай әлеміне саяхат жасап, рухани кемелденді.   


 «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар қалан» деп жырлаған қазақ халқының ұлы классигі Абай Құнанбаевтың әрбір өлеңі өнеге, әрбір туындысы тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан Абайды тану, ақын шығармаларын оқу – өскелең ұрпақ алдындағы міндет. Ашық аспан астындағы әдеби-сазды кеш осы мақсатта ұйымдастырылды. Шараға жиналғандар алдымен Хәкім Абайдың рухани мұрасы қатталған кітап көрмесін тамашалап, ақынның өмірі мен шығармашылығымен етене танысты.


 АЙДЫН ҚАЙРУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

Бүгінде Абай күні еліміздің әр өңірінде түрлі мәдени-танымдық шаралармен кең көлемде аталып өтуде. Мұндай тағлымды бастамалар қоғамның рухани өмірін байытып, әсіресе жас буынның ұлттық әдебиет пен мәдениетке қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді....


 Шара барысында қала тұрғындарына викториналық сұрақтар қойылды. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқан айтқан озық ойлы оқырмандарға естелік сыйлықтар берілді. Көрермендер арасынан Нағима Боранбайқызы ерекше өнерімен көзге түсті. Жетпіс жастағы кейуана ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. 


Рухани кешке жиналғандар осылайша Абай туралы қызықты ақпараттар алып, ақын әлеміне саяхат жасады.  


НҰРГҮЛ ТӨЛЕУБАЙ, КІТАПХАНАШЫ \Ұлы ақын Абайдың мұраларын, өледңерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатымыз... 


 НҰРЛАН КӨБЕГЕНҰЛЫ, «ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ 

Қазақ үшін Абай - данышпан, Абай – дара, Абай – дана....


 Танымдық шарада көркемсөз үйірмесінің өнерпаздары ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Абай әндерін шырқап, шара көрігін кіргізді. 

Бөлісу