Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарымен кездесті

Облыс әкімі «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарымен кездесті

#qyzylordatv 

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары «Қорқыт ата» аллеясында сенбілік жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы шараға облыс әкімі қатысып, «Жасыл елдің» жастарымен кездесті. 


Табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау - әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Бүгінде облыс бойынша 1200-ден астам белсенді жас игі іске атсалысып, абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, екі айдың ішінде 12 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылып, саябақ, сквер, аллеялар мен қоғамдық демалыс орындары көгалдандырылды. «Жасыл ел» бұл маусымдық жұмыс қана емес, жастарды еңбекке баулитын, елжандылыққа тәрбиелейтін, үлкен жауапкершілік жүктейтін тағлым мектебі. Аймақ басшысы осы орайда еңбек жасағының жұмысын ерекше атап өтіп, ризашылығын жеткізді.   


 ІҢКӘР БАҚЫТҚЫЗЫ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ «Жасыл ел» еңбек жасағының ұйымында екінші жыл қатарынан жұмыс жасап жатырмын. Себебі маған достарыммен бірге саябақтарда тазалық жұмыстарын жасаған ұнайды.....


 АИДА СӘУЛЕБЕК, ЕРІКТІ 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланы тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл баршамыздың міндетіміз....

Бөлісу