Құдыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды
#qyzylordatv
Аралда тұрғын үй жанындағы құдыққа түсіп кеткен түйені құтқарушылар әрең дегенде шығарып алды.
Оқиға жеке меншік үйлердің бірінің аумағында орын алды. Шақырту бойынша жеткен төтеншеліктер түйені құтқару үшін арнайы техниканы пайдаланды. Жануарды сымға толы шұңқырдан арқанмен тартып шығарып, иесіне тапсырды.