Аралда құрылысшылар мерекесі тойланды
#qyzylordatv
Құрылысшының еңбегі – елдің ертеңіне қаланған кірпіш. Ал сол еңбекке құрмет көрсету ұлағатты іс болмақ. Құрылысшылар күні мерекесі теңіз төскейінде тойланды. Ауданда алғашқы жартыжылдықта құрылыс саласында 21,7 миллиард теңгенің жұмысы атқарылыпты. Жыл басынан 16,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырмен салыстырғанда айтарлықтай артық орындалған.