Негізгі Жаңалықтар Абай рухына тағзым

Абай рухына тағзым

#qyzylordatv 

Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп алаңында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай есіміне тағзым ету шарасына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, оқушылар, жастар және қала тұрғындары қатысты.


Абайдың әрбір сөзі – уақытпен үндесетін тағылым, әрбір ойы – ұрпақ санасын серпілтетін рухани бағдар. Сондықтан Абай мұрасын дәріптеу – өткенге тағзым ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілік.


 ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ Соңғы жылдары руханиятымыздың, әрі қарай адамзатқа біраз деген философиясын, идеологиясын Абай Құнанбайұлының идеологиясын алып осы толық адам, адал азамат, заң мен тәртіп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдап, тұжырымдамалар біздің елімізде жүріп жатыр. Осы тұжырымдаманың ішін қарайтын болсақ, түпнұсқасы осы біздің Абай атамыздың сол кездегі арманындағы адам қандай болу керек, адамзат қандай болуы керегі сол жерде жазып өткен. 


Шараға қатысушылар ақынның ғақлияға толы қара сөздерінен үзінділерге куә болып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңілім тоярсың» секілді шығармаларын тыңдады. 


МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 

Адам жартылай адам, бүтін адам, толық адам деген ұғым болады ма? Бірақ, Абай толық адам деген сөді өзінің қарасөзінде екі-үш рет айтты. Оны біздің Президентімізде айтты. Толық адамға жетуіміз керек деп. Ал, толық адам деген тек материалдық жағынан ғана емес, ол рухани жағынан, оның ішінде білім, ғылым, әдеп, имани жағынан толысқан адамдар ғана біз толық адам деп айта аламыз. 


 Тағылымды іс-шара Абайдың асыл сөздері жаңа буынның жүрегінен орын тауып, рухани сабақтастықтың үзілмей келе жатқанын көрсетті.


Бөлісу