Заң мен тәртіп – қоғам дамуының тірегі
#qyzylordatv #заңментәртіп
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды бастамаларының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидаты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күресу – құқық қорғау органдарының негізгі міндеті. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы төрт жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға және цифрландыруға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.
Мәжілісте полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов баяндама жасады. Қазір барлық ауданда 616 бейнекамера және 54 жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, жедел басқару орталықтары іске қосылған. Құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи технологияларды кеңінен қолдануға басымдық берілген. Әсіресе, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы құқықбұзушылықты жедел анықтау және алдын алу жетілдіріліп келеді. Осы мақсатта 2025-2026 жылдары 1400 бейнекамера, 20 зияткерлік қиылыс және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш орнатылды. Сондай-ақ, жол қозғалысын бақылауға арналған 25 «Сұңқар» арнайы кешені іске қосылды. Облыс әкімі мәжілісте «Қылмыс пен тәртіпсіздікке жол берілмейтін қауіпсіз қоғам құрудағы жүйелі жұмыс жалғаса беретінін айтып, жастар заң үстемдігінің маңызын түсінуі тиіс», – деді Мұрат Ергешбаев.