Жантүршігерлік оқиға
#qyzylordatv
Арал ауданының тұрғыны полиция қызметкерін өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы жағдайды облыстық полиция департаменті де растап отыр. Алдын ала болжам бойынша жантүршігерлік оқиғаға отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
БАУЫРЖАН САУЛЕБЕКОВ - ОПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Бұған дейін күдікті отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік полиция инспекторы тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған//