Негізгі Жаңалықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

#qyzylordatv 

Қырғыз елінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен ашылу салтанатын тамашалап, қазақ спортшыларына қолдау көрсетті.


 Биыл жарыстар 6-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді


 Сондай-ақ, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Қызылорда облысынан үш спортшы өнер көрсетіп жатыр. Исраил Алтынай Қазақстан атынан жамбы атудан сынға түссе, жерлестеріміз Алмат Жүнісов пен Нұрлыбек Асқаров көкпардан ел намысын қорғауда.


Бөлісу