«38. Соңғы нүкте»: Адам мен табиғат арасындағы арпалыс суреттелген фильм
#qyzylordatv
«38. Соңғы нүкте». Осындай атаумен тың тақырыпты көтерген жаңа фильм жарық көрді. Аталмыш драмалық туындыда қарапайым орманшылардың күнделікті тіршілігі арқылы-ақ күрделі мәселелер суреттеледі. Адам мен табиғат арасындағы арпалыс бейнеленген фильм турасында тілшіміз тарқатады.
«38. Соңғы нүкте» фильмі расымен тарихи жүк арқалаған көркем туынды. Оқиға желісі осыдан 3 жыл бұрын Семей орманында орын алған төтенше жағдайға негізделген. Катастрофалық фильмде табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың тағдыры арқылы сын сәттегі таңдау мен адам өмірінің құндылығы қозғалады. Яғни, жалын күшейген сайын кейіпкерлер табиғаттың алапат күшімен ғана емес, өз қорқыныштары мен өмірде жасаған қателіктерінің салдарымен де бетпе-бет келеді.
АСАН МӘЖИТ – АКТЕР
Өте ауқымды түсірілім болды деп есептеймін. Көрермен көңілінен шығатын туынды болуына мен шын жүректен тілектеспін. Барлық түсірілім тобына алғысым шексіз. Өйткені, кәсіби мамандар жиналған
«38. Соңғы нүкте». Бұл көркем фильм. Сондықтан нақты бір адамның өмір дерегі қаз-қалпында қайталанбайды. Кейіпкерлер мен оқиғалар көркемдік мақсатта өзгертілген. Айта кетейік, аталмыш фильм мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы бойынша түсіріліп отыр. Жобаға кіл кәсіби мамандар тартылған. Сценарист, продюсер Нұржігіт Хайдардың жетекшілігімен таспаланған туындының режиссері осы саланың майталманы – Төребек Бейсебаев. Ал қоюшы операторы Асылхан Мелдебеков болды.
Сонымен, алапат өрттің артында не жатыр? Жазықсыз жандарды осы жағдайға ұшыратқан қандай қателік? Аталмыш кинокартинада осы салмағы ауыр сауалдарға көркем түрде жауап берілген. Айта кетейік, «38. Соңғы нүкте» фильмі үшінші қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек.