Той кортежі: 56 әкімшілік іс қозғалды
#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында той кортежі кезінде көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Қарсы бағытқа шығып авариялық жағдай туғызған жастар жол бойында пиротехникалық құралдар пайдаланғаны кадрларда анық көрінеді.
Арасында көлік құралын жүргізу құқығынсыз темір тұлпар тізгіндегендер де бар. 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтар Жаңақорған ауданы, Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары. Құқық бұзушыларға қатысты 56 әкімшілік іс қозғалып, 13 жүргізуші және 2 жолаушы жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен үш жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылса, тағы біріне бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қалғандарына әкімшілік айыппұл салынып, бес автокөлік арнайы тұраққа қойылған.