«Адал кәсіпкер» аймақтық байқауы жарияланды
#qyzylordatv #заңментәртіп
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыс¬тық кәсіпкерлер пала¬тасының ұйымдас¬тыруы¬мен «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауы жария¬ланды. Мақсаты – заң талаптарын сақтай отырып, адал әрі жауапты кәсіп жүргізетін бизнес өкілдерін қолдау, олардың үздік тәжірибесін насихаттау және қоғамда адал кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру.
Байқауды өткізу үшін арнайы комиссия жасақталды. Кәсіпкерлерді іріктеу, бағалау талаптары түсіндірілді. Бастысы, қатысушылар өз қызметін ашық жүргізуі, заң талаптарын сақтауы, қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуы қажет. Жеңімпаздар «Үлгілі салық төлеуші», «Қауіпсіз кәсіпорын», «Жауапты жұмыс беруші», «Әлеуметтік жауапты бизнес», «Ашық бизнес» сынды арнайы номинациялар бойынша анықталады.
Дара шыққан үздік кәсіп¬орындар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Бүгінде байқауға қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді онлайн түрде немесе облыс¬тық кәсіпкерлер палатасына тапсыруға болады.