Негізгі Жаңалықтар Қызылорда-Түркістан жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді

Қызылорда-Түркістан жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді

#qyzylordatv 

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің маңызды бөлігінің бірі - Қызылорда-Түркістан тас жолының учаскесі. Былтыр осы аралыққа орташа жөндеу басталған-ды. Енді ол толық аяқталып, қазіргі күні тәулігіне 10 мыңнан астам автокөлік жүйткіп жатыр. Аталған аумаққа арнайы барып, жолдың жайын көріп қайтқан түсіруші топтың бейнесюжеті


 Мына трассада тәулігіне 10 мыңнан астам көлік жүйткиді. Бұл аралық Қызылорда-Түркістан автожолы, әйгілі Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзитінің маңызды бөлігі. Қазір ғой тақтайдай тегіс боп тұрғаны, жөндеуге дейін шұңқыр мен айналып өтетін тұстар көлік иелерінің жүйкесіне тиетін. Жол құрылысын жергілікті «Қыран» компаниясы атқарып шықты. Жұмыс барысын жоба жетекшісі былай тарқатты.


 Аталған аумаққа тиісті жол белгілері қойылып, тексеруші құзырлы орындардың рұқсаты алынып, қауіпсіз қозғалыс қағидасы қатаң сақталып барып, күре жол пайдалануға беріліп отыр.


 Халықаралық трасса болғандықтан іркіліс жоқ бұл жерде. Қазавтожол мамандары көлік рулінде сағаттап отырып, шаршаған жүргізушілерге құлаққағыс ретінде әр 40 км сайын демалыс алаңқайлары барын, соған аялдап, тынығып барып, бағыт алған жөн дейді. Әрине, өз қауіпсіздігі үшін бұл ережені елеген дұрыс. Тасымал артериясының сапасы туралы жолдың жайын жүрген білер деп жүргізушілерге микрофон ұсындық


 Айта кету керек, шілде айынан бастап аталған жол учаскесінде рұқсат етілген ең жоғары қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін көтерілді.  


Бөлісу