Қызылордалық дзюдошылар үздіктер көшін бастады
#qyzylordatv
Спорт әлемінен ақпар. Қызылордалық дзюдошылар елдегі ең үздіктер қатарынан көрінді. Қазақстан чемпионатында аймақтың ерлер командасы жалпы есепте бірінші орынды иеленсе, әйелдер командасы қола медальға қол жеткізді..
Еліміздің үздік дзюдошылары Оралдағы татамиде бас қосты. Сыр өңірінің өкілдері жоғары шеберлік, жеңіске деген жігер және нағыз спорттық рух танытты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы жалпы командалық есепте көш бастаса, әйелдер командасы үшінші орынға ие болды. Осылайша, аймақтың екі бірдей командасы республикалық деңгейдегі ірі додада жүлдегерлер қатарынан көрінді