Қызылордада құны 1 млрд теңге болатын күріш зауыты іске қосылды
#qyzylordatv
Біздің өңірге және бір өндіріс ошағы қосылды. Аймақтағы «Абзал және К» компаниясы автоматтандырылған күріш өңдеу зауытын ашты. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге, кәсіпорын несімен ерекшеленеді және тағы қандай техножаңалықтар бар – ол жағын арнайы сол жаққа ат басын тіреген тілші тарқатсын
Жалпы, «Абзал және К» компаниясы қалдықсыз өнім қағидатымен жұмыс жасап келе жатқан кәсіпорын. Компания күріш егіп, өндіріс салып қана қоймай, өңдеуді толық іске қосып, кластерлік жүйемен бірнеше түрлі өнім шығарып отыр. Ал, мына жаңа зауыт өндіріс қуаты мен экспорт әлеуетін одан сайын арттырмақ. Дәл қазіргідей геосяси ахуал күрделі боп тұрған шақта іскерлікті ілгерілету өте маңызды, дейді компания басшылығы
Және бір айтып өтетін жаңалық: зауыт ішінара күн электр стансасының қуатын пайдалану арқылы жұмыс істейді.
Зауытта 50 жұмысшы бар, мұнда көп қызмет автоматтандырылған. Күріш сапасына ерекше мән берілген. Өйткені өнімнің 60 пайызы экспортқа кетеді. Әлемдік «нестле», «марс» сынды компаниялармен келісімдер бар. Арнайы лабораторияда әрбір дәннің ылғалдылығын анықтап, сынғандарын сұрыптап, сапа санатына қарай бөліп отырады
Құлаққағыс ретінде айта кетейік, жалпы жаңа күріш өнімінің құны қазіргіден сәл де болса қымбаттауы мүмкін. Неге дейсіз бе? Аймақта электр энергиясының тарифі көтерілді.