Иісшіл иттер сайысы: Әскери кинологтар өзара мықтыны анықтауда
#qyzylordatv
Облыс орталығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің кинологтар мен қызметтік иттері арасында жауынгерлік жарыс басталды. Жыл сайын өтетін сайысқа сарбаздар сақадай сай келген. Жарыстың алғашқы күнінен-ақ қызметтік иттердің даярлығымен дараланғандар бар. Тақырыпты тілші тарқатады.
Жарысқа қатысып, иесінің бұйырғын бұлжытпай орындаған қызметтік иттің лақап аты Рекс. Ол жарылғыш заттарды іздестіруге бейімделген. Төрт аяқты сақшы Тараз қаласындағы 55 13 әскери бөлімінде 2021 жылдан бері қызмет атқарады. Иісшіл итті білікті кинолог Ахмет Далов күшік кезінен баптап келеді. Өткен жылы Шымкент қаласында өткен жарыста екінші орын еншілеген. Биыл сол кездегі қателіктерді дұрыстап, жеңіске жетуге дайындықты күшейткен. «Қызмет барысында тапсырманы тыңғылықты орындайтын серігім қылмыс ашуда алдына жан салмайды», дейді кинолог маман.
АХМЕТ ДАЛОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН 5513 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ НҰСҚАУШЫСЫ
Тараз қаласы бойынша жарылғыш заттарды іздеуден былтырғы жылы өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда ф 1 боевой граната, винтовка и аңшы мылтықтарын тапты. Биыл да сол салада қызмет жасап келе жатырмыз.
Бір аптаға созылатын сайысқа Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда қаласынан 9 команда, 27 қызметкер мен иісшіл иттер қатысуда. Олар жалпы және арнайы дайындықтан өтеді. Яғни, иттер есірткі затын іздеу, жарылғыш заттарды анықтау, із кесу бағыттары бойынша сынға түседі.
ДУЛАТ ҚАТРЕНОВ – БАС ТӨРЕШІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы жаттығу курсы барлықтарына ортақ болып келеді. Содан кейін арнайы жаттықтыру курсы болады. Мысалы із кесуші иттер адамды іздеу қызметі бар, сонымен қатар құқық бұзушыларды ұстау, айдауылдау, қорғау деген секілді. /\схрондарда тығылған құқық бұзушыны табу, көлікті тінту, кинолог маманды қорғау немесе затты қорғау элементтері тексеріледі. Есірткі іздеу бойынша арнайы жаттықтыру циклына кіретін элементтер ғимарат ішіне жасырылған имитаторларды табу немесе автокөлікте. ЖАрылғыш заттарды іздеу қызметтік иттерінің арнайы дайындық циклына жарылғыш заттарды табуға немесе жол бойындағы, даладағы заттарды табуға назары бөлінеді.
Осы жарыста сарбаздар мен қызметтік иттер алдағы уақытта өтетін республикалық Ұлттық Ұлан чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салуда. Білікті кинологтар мен бабы келіскен иттер бәсі биік бәсекеде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрамасының намысын қорғайтын болады.