Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарын реттейтін маңызды құжат
#qyzylordatv
Еңбек дауларының алдын алу және жалақыға қатысты мәселелерді мерзімінде шешудің бірден бір жолы – ұжымдық шарт жасау. Яғни, жұмыс беруші мен қызметкер арасында өзара келісім болса соғұрлым дау-дамай аз болады.
Биыл маусым айынан бастап еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жаңа нормалар енгізілді. Онда «тиісті кәсіп, лауазым бойынша жалақының ең жоғары және ең төмен мөлшерлері бойынша мәліметтер болуы керек. Сонымен қатар, ұйымда еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары болуы тиіс»,- делінген. Мұнан бөлек, жазатайым оқиғалар кезінде жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы ережелер енгізу керектігі де айтылған. Осыған байланысты облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мамандары өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім болып табылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан еңбек шарттарын, ұжымдық шарттарды цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің ішінде еңбек шартына уақытылы отырмау, еңбек шарттарын бірыңғай тіркеу жүйесіне енгізбеген мекемелерге, кәсіпорындарға қатысты тиісті жауапкершілік көзделген...