Қазақстан драма театрларының ХХХI республикалық фестивалі басталды
#qyzylordatv
Қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, белгілі театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай Сыр өңірінде Қазақстан драма театрларының ХХХI республикалық фестивалі басталды. Өнер додасына еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген ең үздік 10 театр ұжымы қатысуда.
Бағыбек Құндақбаев Сыр топырағында құндақталған, әдебиет мен театрды құнттаған, ұлы өнерді ұлықтаған қазақтың біртуар тұлғасы. Ташкенттегі театр және көркемсурет өнері институтының театртану факультетін бітірген ол алғаш еңбек жолын Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында бастайды. Өмірінің соңына дейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер интитутында қызмет атқарып, қазақ театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
БАҚЫТ НҰРПЕЙІС, ТЕАТРТАНУШЫ, ӨНЕРТАНУ ДОКТОРЫ Бағыбек Құндақбаевтың есімі республикада ғана емес алыс жақын шетелге танымал. Өйткені Бағыбек Құндақбайұлы көптеген монографиялар жазды. Қазақ театр өнерінің қалай дамып бара жатқанын, Қызылорда қаласында 1926 жылы шаңырақ көтерген театрдың дамуынан бастап бүкіл облыстық театрлардың қалай өсіп өркендеуі туралы сүбелі еңбектер қалдырған. Ол кісінің қаламынан туған кітаптар қазіргі кезде бүкіл театртанушы ғалымдардың столында тұратын соңдай еңбектердің қатарында
Бағыбек Құндақбайұлы белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай екеуі бірлесіп қазақ жерінде тұңғыш рет театртанушы ғалымдар мектебін қалыптастырды. Театрмен қатар драматургия саласын зерттеп, пьесалардың жазылу, қойылу тарихына тоқталып, терең талдаулар жасаған. Міне, Сыр елінде қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілінің ғасырлық мерейтойы аталып өтіп, есімі ұлықталды.
Қазақстан драма театрларының ХХХI республикалық фестивалінің ашылу рәсімінде салтанатты шеру өтті. Еліміздің 10 өңірінен келген театр ұжымы мен қазылар алқасы сап түзеп, сахнаға көтерілді.
БАҚЫТ НҰРПЕЙІС, ТЕАТРТАНУШЫ, ӨНЕРТАНУ ДОКТОРЫ Фестивальдің мақсаты мен міндеті жаңа есімдерді ашу сонымен бірге бүгінгі қазақ драматургиясы қаншалықты игеріліп жатқандығын бағамдайтын бір үлкен алаң деп есептейміз. Қатысып отырған 10 театрдың спектаклі айрықша болғаннан кейін таңдалып алынды. Яғни, Сыр өңірінің көрермендері 10 күннің ішінде қаншама жаңа есімдермен танысады
Фестивальдің алғашқы күнінде Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының өмірі мен тағдырына және рухани мұрасына арналған «Міржақып» қойылымын сахналады.
ЖАНАТ СЕЙДИНА, І.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ТРУППА МЕҢГЕРУШІСІ
Басты рөлде театрымыздың белді актері, мәдениет саласының үздігі Олжас Бекайдаров ойнайды. Бақ шабама, бап шабама дегендей ең бірінші фестивальдің сахнасын ашып жатқан біздің лияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры. Бұл спектальді бірінші рет әкеліп жатырмыз фестивальге. Актерлермен тәжірибе алмасу бір жағынан
Айта кетейік, фестиваль аясында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә», Уильям Шекспирдің «Макбет», Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Қараш асуындағы баллада», «Қарагөз» сияқты соңғы екі жылда ешқандай фестивальде қойылмаған спектакльдер көрермен назарына ұсынылатын болады.