Облыстық әділет департаментінің өкілі Жалағаш ауданындағы Аққұм ауылының тұрғындарына құқықтық кеңес берді , деп хабарлайды "Qyzylorda" телеарнасы. 

Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу, банкроттық деп тану, алимент өндіру сынды мәселелерімен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

АЙГҮЛ ТҰРАБАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

"Ауыл тұрғындары көптеген өзінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатыр. Мен де өзімнің көкейімде жүрген сұрағымды қойып, тұщымды жауабымды ала алдым. Менің мәселем «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша болатын. Халықтың арасында құқықтың сауаттылығын арттыру мақсатында осындай шаралар өтіп тұрса жақсы болатын еді. Әсіресе, осы ауылдық жерлерге. Өз құқықтарын білмейтін тұрғындар бар."

ЖАНАТ САТКЕЕВА – МЕМЛЕКЕТТІК АҒА СОТ ОРЫНДАУШЫ

"Қызылорда облысы Әділет департаментіне мемлекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орындаушыларының көрсетілетін жұмыстарының негіздері және адвокаттық көмектер бойынша түсіндірме жұмыстары түсіндірілді, жүргізілді. Бірнеше сұрақтар көкейінде жүр екен, ауыл тұрғындарының."