Негізгі Жаңалықтар Президент тапсырмаларының орындалуы

Президент тапсырмаларының орындалуы

#qyzylordatv 

Бүгін Үкімет басшысы Президенттің «Таза Қазақстан» экоакциясында берген тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді. Министрлер кабинетіндегі отырыстан соң қаралған негізгі мәселелер мен тапсырмалардың біздің облыста орындалуы талқыға түсті


 Әлеуметтік қолдау бойынша «шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуі тиіс» қағидаты басты назарға алынуы тиіс. Азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының сапасын арттыру бойынша арнайы жүйе енгізіледі. Аталған реформалар «отбасының цифрлық картасы» деректеріне сәйкес, «А» және «В» санаты болып бөлінбек. Ал, денсаулық сақтау бойынша Президент тапсырған нашар еститін балаларға есту аппараты өндірісін шұғыл іске қосу бойынша құзырлы министрліктер жол картасын әзірлемек. 

Экологиялық мәдениет бағытында қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын күшейтуге ерекше мән берілмек. Сонымен қатар, қалалық және республикалық маңызы бар автожолдар құрылысының ең жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды жүрмек. Бұл бағытта біздің облыста жаңадан салынып жатқан жолдардың сапасына басымдық беріледі. Сәулет және қала құрылысы бағыты бойынша Астана қаласының Урбанистика орталығының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне тарату қолға алынбақ.

Облыс әкімі өз кезегінде жауапты басқармаларға аталған бағыттар бойынша тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын міндеттеді.


Бөлісу