Негізгі Жаңалықтар Мыңға жуық тұрғын экологиялық акцияға қатысты

Мыңға жуық тұрғын экологиялық акцияға қатысты

#qyzylordatv 

Аймақта Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акция өтті. Экологиялық шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары және зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысып, туған өлкенің тазалығына үлес қосты.  


 Жұртшылықты игі іске жұмылдырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы іс-шара облыстың барлық елді мекенінде ұйымдастырылды. Акция аясында өңірдің климатына сәйкес келетін 1700 ден астам ағаш көшеті отырғызылып, демалыс орындары мен аллеялар күл-қоқыстан тазартылды. Ал, облыс бойынша жыл басынан бері 88 мыңға жуық ағаш егіліп, 9 мың тоннаға жуық қоқыс қалдығы жиналған. Шара барысында экологиялық акцияға үн қосып, туған жердің тазалығына атсалысып жүрген азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.  

Бөлісу