Жаңа көпірдің капсуласы салынды
#qyzylordatv
Сол жағалауға Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің капсуласы салынды. Халықтың сұранысы мен талабынан туындап отырған маңызды құрылыс нысанының басталуына облыс әкімі мен Құрылтай депутаттары қатысты.
Иса Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобаның бірі. Көпірдің ұзындығы 338, ені 23 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын «ВД Строй Инжиниринг» компаниясы жүргізеді.
Айта кету керек, облыс орталығында биылдың өзінде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құны 30 млрд теңге болатын 22 жобасы жүзеге асырылуда. Соның ішінде дарияның үстінен өтетін көпір тұрғындардың көптен күткен арманы болатын. Себебі, автожол өткелі көлік кептелісінің азаюына мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңалық, «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы жаңа көпір құрылысы аяқталып, көлік қатынасы реттелді. Мұнан бөлек, Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл, Наурыз және Есенов көшелері қайта жаңғыртылды.