Қоқыс шығарудың тәртібі қандай?
#qyzylordatv
Қызылордада жыл басынан бері тазалыққа немқұрайлы қараудың 1600-ден астам дерегі тіркелген. Әсіресе, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу жәйттері жиі кездеседі. Ал, айыппұл арқаламас үшін нені білу керек? Жеке тұрғын үйлерде тұрмыстық қатты қалдықты шығарудың тәртібі қандай? Тілші бейнематериалында толығырақ.
Жеке секторда тұратын кейбір азаматтар тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға емес, есік алдына, көшеге немесе арыққа тастап жүр. Қоқысты белгіленбеген жерге төккендерге ескерту жасалып қана қоймай, айыппұл да салынуда. Десек те, тәртіп бұзушылардың азаймай отырғаны алаңдатарлық жайт.
ЕРЛАН ОҢЛАСЫНОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұрғындардан қоқысты бекітілген кестеге сай шығаруды өтінеміз. Біз 2023 жылы барлық жеке сектормен келісімшарт жасастық. Әр көшенің өз кестесі бар. Сондықтан тұрғындар тұрмыстық қалдықты сол кестеге қатаң сай шығаруға тиіс. Жалпыға ортақ шартты жариялаған кезде ақпаратты газеттер мен әлеуметтік желілер арқылы да жан-жақты таратқанбыз.
АЛТЫНБЕК ЖАКУПОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жеке сектор тұрғындары 367-ші экологиялық кодекске сәйкес барлығына жария шарт негізінде есеп жүргізіледі. Қазіргі таңда кім үйінде су, свет, газ жеке шот ашылған, қоқыс бойынша да шот ашылған. Қазір «Алсеко» мекемесімен бірігіп, дербес шоттардың барлығын біріктіріп жатырмыз. Енді жарыққа келген шотпен бірге қоқыстың да ақысы бірге барады.
Тұрғындардың тағы бір ескеретін тұсы: құрылыс заттарды, техникалар мен ескі жиһазды қоқыс жәшігіне тастауға тыйым салынған.
ДИНАРА ӨТЕПОВА – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Өйткені техникамыздың сыну себептеріне престелген жағдайда болмайды. Тек контейнердің ішіне салынатын арнайы қалдықтарды ғана салуымыз керек. Құрылыс қалдықтарын арнайы тапсырыс арқылы арнайы техникалармен алдыру керек. көпқабатты тұрғын үйлерден матрас, үй жиһахдарын тастаған адамдарға айыппұл салынуда. Айыппұл мөлшері 86 500 осы айыппұл бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 129 750 теңге салынады. 1622 хаттама толтырылды. Оның мыңнан астамы ескерту болды. 600-дің үстінде айыппұл салынды.
Қоқысты ретсіз тастау - заң бұзушылық қана емес, денсаулыққа да тікелей қауіп. Осы орайда мамандар қала тұрғындарын өздері тұратын ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.