Жаңа қызметке шығарып салды
#qyzylordatv
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.
Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Ардақ Ибраимовты жаңа қызмет орнына шығарып салу рәсімі болды. Ардақ Ибраимов Қазақстан Республикасы Үкіметінің Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған білікті маманға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.