Қызылорда қаласында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен іс-шара биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.

Слетке «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерінің арасында өткен түрлі бағыттағы қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары арнайы шақырылған. Жиында «Адал ұрпақ» ерікті жастарының қатары тағы да толыға түсті. Жаңадан клубқа қосылған оқушылар ант қабылдап, адал қоғам құруға атсалысатындықтарын жеткізді. Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов жас буынның қадамына сәттілік тіледі. Мұнан соң ерікті жастардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.