Теңіз табанында тіршілік түрленіп келеді
#qyzylordatv
Құрғаған теңіз табанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізіліп, екі су ұңғымасы қазылды. Нәтижесінде шөлге төзімді өсімдіктер өсіп, теңіздің орнында тіршілік түрлене бастады. Өңірімізге жұмыс сапарымен Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров пен облыс әкімі ұлтанға арнайы барып, аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.