«Қайсар» футбол клубы облыстағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізді. Даярлық курсын «Барселона», «Милан», «Ливерпуль» сынды футбол грандтарында біраз тәжірибе жинақтаған спортшы Игорь Шпанера жүргізді. Семинарға 60-қа жуық бапкер мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар әуелі теориялық дәріс алып, оны алаңда тәжірибеден өткізіп көрді. Екі күнге созылған даярлық курсының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
ИГОРЬ ШПАНЕРА –ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
//Екі күн бойы жұмыс істедік. Әуелі аудиторияда видео сабақтар өткіздік. Сонан соң, алаңға шығып тәжірибе жасап көрдік. Барлығы бір толқында болды. Қатысушыларға көп нәрсе түсіндіре алдық деп ойлаймын. Семинардан түсінгенім қазақ футболының болашағы жарқын//