Қыс мезгілінде балаларының денсауылығы мен дұрыс тынығуына алаңдаған ата-аналар мектептегі сабақ кестесін өзгертуге ұсыныс беруде. Яғни, 1-ші ауысымдағы сабақ уақыты таңғы сағат 8:30-9:00-де басталса дейді. Себебі, ұйқысы қанбаған балаға білім қонбайды. Екінші, таңғы 8-де дала қараңғы болып, балалардың мектепке баруы қауіп тудырады деп отыр. Ал, жауапты мамандар «Осы ретте әрбір ата-ана өз балаларының күн тәртібін жоспарлап, уақытылы тынығуын қадағалауы керек. Сонда ғана бала миы тынығып, білім алу қабілеті қалыптасады», дейді. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 295 мемлекеттік және 31 жекеменшік мектеп бар. Жалпы, республика бойынша бір ауысыммен білім беретін оқу ошақтарында сабақ процесі сағат 08.30-да басталса, екі ауысымдық мектептерде сабақ кестесі сағат 08.00-ге бекітілген. Оның басты себебі:

АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Бұл жерде біз бір нәрсені ғана ескеруіміз керек. Жалпы мектептегі оқу процесімен бірге біз мұғалімдермен, сонымен бірге техникалық кіші қызметкерлердің де жұмыс жүктемесі ескерілген. Не себепті? Себебі өздеріңіз білесіздер ауысымдар арасында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Кешкі ауысым біткеннен кейін де санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ол жұмыстар 20-20:30-да бітеді. Техникалық қызметкерлер үйіне барам дегенше 21-21:30 ға қарай кетіп қалады. Ал, енді біз таң ертеңгі сабақты 8:30 да бастаған кезде, онда біз түскі ауысымды 14:30-да бастап, 19:30 да аяқтауға тура келеді. Бұл дегеніміз баланың да үйіне жету процесін қиындайтынын көрсетеді.