#qyzylordatv
Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторларының» ХХІ республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті. Қала және аудандардан іріктеліп келген оқушылар сайыстың алты түрінен сынға түсіп, республикалық додаға жолдаманы сарапқа салды.
«Жас жол инспекторлар» слетінда балалар жол ережесін жаттап қана қоймайды, қауіпсіздікті сақтау, кез келген жағдайда тез әрі сауатты шешім қабылдай білуді үйренеді. Жалпы, жарыстың облыстық кезеңіне барлығы 8 команда қатысты.
ЕРМАХАН АБДРАМАНОВ, ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ісшараның басты мақсаты - өңіріміздің балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, бастауыш мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жолдағы қауіпсіздігін өздеріңіз арқылы насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, алдағы жазғы демалыс күндері балдардың жолдағы қауіпсіздігі мен олардың жолда жүру ережелерінің қатаң сақтауын ұйымдастыру ортақ міндетіміз.
Сайысқа қатысушылар алдымен үгіт-насихат жұмыстары бойынша көрініс қойып, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Екінші кезеңде жол жүрісі қағидалары бойынша тест тапсырмаларын орындап, эрудиттік және логикалық сұрақтарға жауап берді. Ал, «Жас санитар» кезеңінде алғашқы көмек көрсету бойынша теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындаса, «Жас реттеуші» кезеңінде жол қозғалысын реттеу машықтары сынға түсті. Сонымен қатар, велосипедті мәнерлеп жүргізу сайысында өз шеберліктерін көрсетті.
ҚАЙСАР ӘЛІБЕК, Т.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ №131 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Мен Сырдария ауданынан келдім. №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің оқушалар жанынан құралған сәт-сапар үгіт насихат бригадасынан. Аудан бойынша 8 командадан өтіп, респубилкаға өткіміз келеді. Және осы республикадан 1-ші орын алып, Талғат Қозыбаев атамыздың үмітін ақтағымыз келеді.
Облыстық кезеңде топ жарып, республикаға жолдаманы жеңіп алу әрбір жастың арманы. Бірақ, бағы мен бабы қатар шапқан шын мықтылар ғана жеңіске жетеді. Жарыс қорытындысына келсек, Қазалы ауданынан келген оқушалар үшінші орынға ие болса, сырдариялық жас сақшылар екінші орынды олжалады. Ал, Байқоңыр қаласынан келген жас инспекторлар жарыс жеңмпазы атанды.
НҰРКЕН БАҚТИЯРОВ – ОПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Ісшараның қортындысы бойынша жалпы жеңімпаз атанған команда 12 тамыз бен 21 тамыз аралығында Қостанай қаласында өткізілетін республикалық осы «Жас жол инспекторары» ХХІ ші слетіна қатысып, бақтарын сынайтын болады.
Байыптақ қарасақ, бұл байқаудың балаларға берері мол. Жасөспірімдер жол ережесімен қатар, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.