#qyzylordatv

Сыр өңірінде кәсіпкерлерге арналған түсіндіру семинары өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысу талаптары кеңінен түсіндірілді.

 Семинар облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылды. Кездесуде байқауға қатысу тәртібі, өтінім беру жолдары мен бағалау талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар биыл жасанды интеллект саласындағы үздік жобаға арналған жаңа арнайы номинация енгізілгені айтылды.

 МЕРЕЙ ИСАЕВА, «АТАМЕКЕН» ҰКП КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

 Жалпы Алтын сапа байқауының мақсаты – әр өңірден тауар өндірушілерді анықтап сол тәжірибені кеңінен тарқату болып табылады. Ақпан айынан бастап 1 шілдеге дейін өтінім қабылдануда, Altyn.sapa.kz сайтында. Жалпы қалай қатысу керек,есебін қалай жазу керек, есепте ең маңыздысы критерийлар 9 критерий бойынша есеп жасалады. 32 субькритерий бар, сол 9 критерийдың 32 субкритериясы қалай ашу керек кәсіпорынға толық ақпарат береміз.

 ДӘУЛЕТ ІЗБАСАРҰЛЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Енді бұл әр кәсіпкерге өзінің жұмысын нәтижесі өз-өзіне есеп беру деп білемін. Енді менде 22 жылы қатысқан кезде менде осы құжаттардың барлығын дайындадым. Қазір маған үлкен көмек.