#qyzylordatv
Алматы облысы, Ұзынағаш кентіндегі Төтенше жағдайлар министрлігігінің 282-37 әскери бөлімінде қызмет еткен 15 сарбаз әскери борышын абыроймен аяқтап, елге оралды.
Теміржол вокзалында сарбаздарды төтеншеліктер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері сән-салтанатпен күтіп алды. Айта кетейік, әскери қызмет барысында үздік нәтиже көрсеткен үш сарбаз жоғару оқу орындарының білім грантын жеңіп алды. Олар – Жұмаш Ринат, Амандос Ілияс және Тұрсынбай Жантөре. Бұл – сарбаздардың әскери қызметтегі тәртібі мен жауапкершілігі, сондай-ақ Отан алдындағы адал қызметтің нәтижесі.
БАТЫРХАН ФАИЗХАН - САРБАЗ
Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлімде служить еттік. Бір жыл өтеп, өзіміздің тәртіп, ақыл-кеңестер, өмірде де кездесетін көптеген жақсы нәтиже алдық. Әскери бөліммде командировка сияқты нәрселер бар да, мысалға Петропавлға паводкиге бардық, Алматы ұзынағаш тауында пожарларды өшірдік. Сөйтіп уақытының бәрі қызықты өтеді.
РИНАТ ЖҰМАШ – САРБАЗ
Ең басында қиын болатын шығар деп ойладым. Бәрі өз қолыңда, бәрі өзіңе байланысты.