#qyzylordatv
Күллі мұсылман баласы үшін қастерлі екі мереке болса, соның бірі – Құрбан айт. Тарих мен тағлымы ұштасқан қасиетті мейрамның құндылығы тереңде жатыр. Сыр жұртшылығы мейірім мерекесін жөн-жоралғысымен атап өтті.
Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналған мерекенің таңы айт намазын оқумен басталады.
ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ
Құрбан айт үлкен мереке. Ғибадатқа толы мереке. Міне осы айт намазынан бастап, одан кейінгі жасалған әрбір іс сауапты. Ағайын-туысты айттаса да, бір-бірін құттықтап, жақсы сөздер айтса да, сыйлық сыйласа да. Соның ең үлкені міне шамасы жеткен адамдардың құрбан шалуы. Бізде оның орындары барлығы белгіленген. Құрбан шалудағы негізгі мақсаттың бірі мұқтаждарға етін үлестіру.
Қасиетті мереке береке мен бірлікке, өзара сыйластыққа үндейді. Мешітке жиналған жұрт айт намазынан соң бір-бірмен қауышып, елдің тыныштығы мен татулығын тілесті. Ал, балақайларға арнайы дайындалған тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Көпшілік ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған сайыста бақ сынады.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі алдын ала жасақталып, оларға қайырымды жандар тарапынан көмек көрсетілді.