#qyzylordatv

Өңірде жыл басынан бері 6 адам суға кетті. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың екеуі бала. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар қазірден қамданып, рейдтік жұмыстарды бастап кетті.

 Қауіпсіздік шарасына 12 маман тартылды. Олар кезекшілік арқылы 2 моторлы қайықпен су айдындарын бақылауға алды. Әзірге суға түсу маусымы басталған жоқ. Бірақ жабайы жағажайларды жағалап жүрген жасөспірімдер көп. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз аумаққа шығарылды. Айта кетейік, облыс аумағында суға түсуге рұқсат етілген 9 орын бар. Қазір ол жерлерде суға түсуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік талабын мамандар арнайы кесте бойынша тексеріп шығады.

 ЖАНДОС ДОСЫМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Жыл басынан бері Қызылорда облысында алты адам, оның ішінде екі бала су айдындарында қаза тапты. 2025 жылы су айдындарында барлығы 26 адам қаза тапты, оның 11-і балалар. Құрметті тұрғындар, су айдындарының айналасындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамаңыздар!